Сайттың мәзірі

Сайлау

sailaukaz

Келушілер

0.png0.png0.png6.png9.png9.png0.png
Бүгін7
Кеше52
Осы аптада207
Осы айда963
Барлығы6990

Қазір онлайн

1
Online
2021-06-17

Мәслихат дегеніміз не?

gerbЖергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 6 - бабына сәйкес Қобда аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аудандық мәслихаттың кезекті екінші сессиясының отрысының күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін:

1. 2020 жылы атқарылған жұмыстар туралы Қобда аудандық мәслихаты хатшысының есебі туралы.
2. Қобда аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №394 «2021-2023 жылдарға арналған Қобда аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы. Баяндамашы: М.Н.Кустуртова - аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы.
3. Аудандық жер комиссиясының ережесін және дербес құрамын қайта бекіту туралы.
4. Қобда аудандық мәслихатының 2021 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.
5. «Аудандық аумақтық сайлау комиссиясын кұру туралы» аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 10 қантардағы № 212 шешіміне мынадай өзгерістер енгізу туралы.
6. «Учаскелік сайлау комиссияларын құру туралы» аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 10 қантардағы № 213 шешіміне мынадай өзгерістер енгізу туралы.
7. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібі мен төрағасы туралы.

Аудандық мәслихат сессияның төрағасы Б. Урумбасаров
Аудандық мәслихат хатшысы Ж.Ерғалиев

Мәслихаттың хатшысы

ergaliev
Қобда аудандық мәслихатының хатшысы
Ерғалиев Жанболат Қанатбайұлы