Сайттың мәзірі

Сайлау

sailaukaz

Келушілер

0.png0.png0.png6.png9.png9.png5.png
Бүгін12
Кеше52
Осы аптада212
Осы айда968
Барлығы6995

Қазір онлайн

1
Online
2021-06-17

Мәслихат дегеніміз не?

gerbЖергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 10-бабының 2 тармағына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Аудандық мәслихаттың кезекті екінші сессиясы Қобда ауданы, Астана көшесі №48, әкімшілік ғимаратында 2021 жылғы 10 наурызға сағат 11-00 ге шақырылсын.

Сессиясының күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін:

1. Қобда аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №394 «2021-2023 жылдарға арналған Қобда аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
Хабарламашы: Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Құстұртова Марина Нұрлахметқы.

2. Басқа да мәселелер.

Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы Б. Урумбасаров

Мәслихаттың хатшысы

ergaliev
Қобда аудандық мәслихатының хатшысы
Ерғалиев Жанболат Қанатбайұлы