Сайттың мәзірі

Сайлау

sailaukaz

Келушілер

0.png0.png0.png6.png9.png9.png0.png
Бүгін7
Кеше52
Осы аптада207
Осы айда963
Барлығы6990

Қазір онлайн

1
Online
2021-06-17

Мәслихат дегеніміз не?

gerbЖергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

«Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23қаңтардағы №148 Заңының 10бабының 1 тармағына сәйкес Қобда аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Жаңадан сайланған Қобда аудандық мәслихатының бірінші сессиясы 2021 жылғы 14 қаңтарға сағат 15.00-ге шақырылсын.

Күн тәртібі:

1. Аудандық мәслихаттың депуттарын сайлау қорытындылары туралы.
Баяндамашы: А.Оразова - аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы.

2.Басқа да сұрақтар

А.Оразова - аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы.

Мәслихаттың хатшысы

ergaliev
Қобда аудандық мәслихатының хатшысы
Ерғалиев Жанболат Қанатбайұлы