Сайлау

sailaukaz

Келушілер

0.png0.png0.png1.png9.png9.png6.png
Бүгін14
Кеше31
Осы аптада88
Осы айда619
Барлығы1996

Қазір онлайн

1
Online
2021-02-25

Мәслихат дегеніміз не?

gerbЖергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10 бабының 3 тармағына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелігінен шығып қалған бос орындарға сайлау үдерісінің басталуы туралы Қобда аудандық мәслихаты хабарлайды. Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы. Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясының мүшелігіне өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсыныстары бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатын сайлау комиссиясынан жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2021 жылдың 26 қантарынан бастап 9 ақпанға дейін, ұсыныстары белгіленген жағдайда, мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) сайлау комиссияларының құрамына кандидатура туралы белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматтағы мәлімет;
2) аумақтық сайлау комиссиясының құрамына кандидатты ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың құрылымдық бөлімшелерінің, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімдерінен үзінді;
3) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың құрылымдық бөлімшелерінің тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған тұлға, Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс. Сайлау комиссиясының мүшелігіне кандидат аталған комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруы тиiс. Сайлау туралы Конституциялық заңының 23 бабының 2 тармағында көзделген, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңілілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды. Мәслихатқа ұсынылатын қағаз нысандағы барлық құжаттар қол қойылуы, мөрмен расталуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс. Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2020 жылдың 9 ақпанға дейін дүйсенбі - жұма күндері 09:00-18:30 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 12.30-дан 14:00-ге дейін.
Қобда аудандық мәслихаты, Мәслихаттың мекен-жайы: Қобда ауданы, Астана көшесі 48.
Жауапты тұлға – Төлекбай Асылбек Даулетбайұлы, қалааралық телефон коды (871341), қызмет телефоны 2-11-54, 2-11-58, факс: 2-11-54, ұялы телефоны 87713042065 электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

САЙЛАУ КОМИССИСЫ БОЙЫНША БОС ОРЫН:
Учаскелік сайлау комиссиялары
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы: 1
№ 415 сайлау учаскесі: 1
№ 438 сайлау учаскесі: 1
№ 444 сайлау учаскесі: 1
№ 446 сайлау учаскесі: 1

Мәслихаттың хатшысы

ergaliev
Қобда аудандық мәслихатының хатшысы
Ерғалиев Жанболат Қанатбайұлы