Мәслихат дегеніміз не?
Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.
В соответствии с пунктом 3 статьи 10 Конституционного закона Республики Казахстан «О выборах в Республике Казахстан» Кобдинский районный маслихат сообщает о начале избирательного процесса вместо выбывших членов участковых избирательных комиссий.
Каждая политическая партия вправе представлять одну кандидатуру в состав соответствующей избирательной комиссии. Политическая партия вправе представлять в состав избирательной комиссии кандидатуры, не являющиеся членами данной политической партии.
В случае отсутствия предложений политических партий маслихат избирает избирательную комиссию по предложению иных общественных объединений и вышестоящей избирательной комиссии.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10 бабының 3 тармағына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелігінен шығып қалған бос орындарға сайлау үдерісінің басталуы туралы Қобда аудандық мәслихаты хабарлайды. Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы. Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясының мүшелігіне өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсыныстары бойынша сайлайды.
«Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23қаңтардағы №148 Заңының 10бабының 1 тармағына сәйкес Қобда аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Жаңадан сайланған Қобда аудандық мәслихатының бірінші сессиясы 2021 жылғы 14 қаңтарға сағат 15.00-ге шақырылсын.
Күн тәртібі:
1. Аудандық мәслихаттың депуттарын сайлау қорытындылары туралы.
Баяндамашы: А.Оразова - аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы.
2.Басқа да сұрақтар
А.Оразова - аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы.
В соответствии с п.1 ст. 10 Закона Республики Казахстан «О местном государственном управлении и самоуправлении» № 148 от 23 января 2001 года Кобдинская районная территориальная избирательная комиссия ПОСТАНОВЛЯЕТ:
Созвать первую сессию вновь избранного Кобдинского районного маслихата. 14января 2021 года в 15.00 час.
ПОВЕСТКА ДНЯ
1.Об итогах выборов депутатов районного маслихата.
Докладчик: А.Уразова – председатель Кобдинской районной территориальной избирательной комиссии.
2.Другие вопросы.
Председатель районной территориальной избирательной комиссии А.Уразова
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс елу бесінші сессиясы 2020 жылғы 31 желтоқсанға сағат 11 – ге шақырылсын.
Сессиясының күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін:
1. 2021-2023 жылдарға арналған Қобда ауданының ауылдық округтерінің бюджетін бекіту туралы.
2. Басқа да мәселелер.
Аудандық мәслихат сессиясының төрайымы Ж.Атамұратова
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аудандық мәслихаттың кезекті елу төртінші сессиясы 2020 жылғы 24 желтоқсанға сағат 11 – ге шақырылсын.
Сессиясының күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін:
1. 2021-2023 жылдарға арналған Қобда аудандық бюджетін бекіту туралы.
Баяндамашы: М.Құстұртова – аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы.
2. Басқа да мәселелер.
Аудандық мәслихат сессиясының төрайымы
Ж.Атамұратова